«Ұлы Дала зары» фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық «Ұлы Дала зары» фильмі «Оскар» сыйлығынан үмітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық кинотуынды «Оскар» сыйлығының «Шет тілдегі үздік фильм» номинациясына ұсынылған. Фильмнің продюссері - Ернар Мәліков, ал режиссері - Марина Қонарова.
«Қазақстанның киногерлер одағы АҚШ-тағы «Оскар» комитетіне біз жақтан осы кинотуындымызды ұсынды. Біз АҚШ-қа фильмді жолдадық, осыдан екі күн бұрын «Оскар» сыйлығы комитетінің шешімі шықты. Олар қазақстандық фильмді қабылдағаны туралы хаттама шығарды. Енді алдағы уақытта анкета толтыртып, фильмді қандай форматта жолдау қажеттігін хабарлайды», - деді фильмнің продюссері Ернар Мәліков ҚазАқпарат тілшісіне.
«Оскар» сыйлығының қорытындысы келесі жылдың сәуір айында жарияланады.
«Ұлы Дала зары» фильмі – 1920-1933 жылдар аралығындағы қазақ халқының басынан өткен Ашаршылық тарихына арналған кинотуынды. Сол зұлмат кезеңде қазақ халқы ашаршылықтан қырылып, аман қалғаны шетелде босып кетуге мәжбүр болған еді. Фильмнің тұсаукесері 2020 жылғы 7-9 қараша аралығында Лос-Анджелестегі Халықаралық Азия кинофестивалінде өткен. Ернар Мәліковтың айтуынша, фильмді түсіруге бес жылдай уақыт кеткен.
Фильмді қазақстандық www.cinexus.kz онлайн-кинотеатрынан көруге болады.
- Коронавирус пандемиясына байланысты Канн фестивалі жаз мезгіліне қалдырылды
- «Қазақ радиосының» ғасырлық мерейтойына арналған мерекелік концерт өтті
- Қазақстан коронавирусқа қарсы Қытай вакцинасын сатып ала ма: Министрлік жауабы
- Легионерлер кетіп жатыр: «Ertis» хоккей клубын қаржыландыру қысқартылды
-
БҚО-да 8500-ден астам медицина қызметкерін коронавирусқа қарсы егу көзделуде
-
Тарифтің қымбаттауы: Қазақстанда жылу жеткізуші компаниялар тексеріле бастады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам