«Ұлы дала - көшпенділер әлемі» этнофестивалін 15 мыңнан астам адам тамашалады

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат- «Ұлы дала - көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалінің бірінші күнінде 15 мыңнан аса көрермен тамашалауға келді. Дәстүрлі шара Аллматының «Боралдай сақ қорғаны» археологиялық саябағында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сақ қорғандарының үлкен алаңында көптеген ақ боз үйлер мен шатырлар тігілген. Фестиваль қонақтары - Мажарстан, Моңғолия, Украина, Өзбекстан, Башқұртстан, Дағыстан, Саха, Тыва, Алтай Республикасы халқының өкілдері. Әр ұлт өкілдері бабасынан қалған ұрыс өнерін көрсетіп, садақ атушылар мен шабандоздар арасында турнир өтті.

«Біз Дағыстаннан келдік, мұндай фестивальге бірінші рет қатысып отырмыз. Бұл жер өте көрікті, ұлттық киімдерін киген қаншама этнос өкілдері жүр. Біздің құрамада 5 адам бар, қалған қатысушылармен садақ ату мен аламан бәйгеде сынға түсеміз», - деді дағыстандық қонақтар.

Сайыс жеңімпаздарына автокөлік сыйға тартылады.

«Мен Монғолияның атынан жалғыз өзім келдім. Садақшылар мен шабандоздар арасындағы турнирде бақ сынамақпын. Өз елімнің намысын қорғауға бар күшімді саламын. Моңғолдар да түрік халықтары секілді ұрыс шеберлігімен мақтанатын ел», - деді моңғолиялық Алтан Нэргүй.

Фестиваль қонақтары кәсіби бүркітшілердің, шабандоз жігіттер мен көкпаршылардың, садақ атушылардың, палуандардың жекпе-жегін, ат үстінде тұрып жерден теңге ілетін жігіттердің шеберлігін тамашалап, ұлттық ойындарға қатысып, ұлттық тағамдардан дәм татты.
«Ұлы дала - көшпенділер әлемі» этнофестивалі жастардың ел тарихына қызығушылығын ояту, сонымен қатар Алматының туристік аймағын таныту мақсатында өткізіліп отыр. Қарап отырсақ, ата-бабамыздың тарихы көз алдымызда өтіп жатыр. Келушілер салт-дәстүрге қанығып, ұлттық ойындарды тамашалап, асау атты үйрету әдісін көре алады. Екі күн ішінде көрермендер әдемі көрініске куә болып, таза ауамен демалып қайтады», - деді ұйымдастырушылар.

Бұдан бөлек фестивальдің концерттік бағдарламасында әлемдік этникалық музыканттар өнер көрсетті. Оның ішінде этно-фольклорлық «Сазген сазы» ансамблі, «Ұлытау», «Алашұлы», «Самрад» топтары бар.

Соңғы жаңалықтар