«Ұлы дала хикаялары»: Таразда ерекше сурет көрмесі ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда тұңғыш рет «Ұлы дала хикаялары» атты сурет көрмесі ашылды. Қазақстанның заманауи өнер туындыларын паш ету мақсатында ұйымдастырылған шараға еліміздің белді қылқалам шеберлерінің суреттері қойылып, көрермендерге ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық қазақ драма театрының фоэсінде жасақталған ерекше көрмеде дәстүрлі техникалармен орындалған мүсін, кескіндеме, графикалармен қатар, жаңа жанр - инсталляция, обьект, перформанс, видео және медиа-арт бағыттары да кеңінен қамтылған. Онда Алмагүл Меңлібаева, Сәуле Сүлейменова, Рашид Нүрекеев, Асхат Ахмедьяров сынды 10-нан астам белгілі суретшілердің туындылары қойылды.

Көрменің халықаралық жетекшісі Лиза Ахмади «Әлемнің 20-дан астам елдерінде үлкен баға алған туындылар ұлттық болмысымызды айшықтап, өнер, мәдениет, табиғат тамашалары сынды құндылықтарды суреттейтіндігін айтады.

«ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында атап көрсеткендей, ұлттық құндылықтар мен рухани байлық біздің бірегейлігіміздің негізіне айналуы тиіс. Елбасы мақаласындағы көрсетілген «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны» тарауларындағы Қазақ халқының ұлттық тарихынан орын алатын дүниелер туралы сыр шертетін туындылар көрмеде қойылды», - дейді Лиза Ахмади.

Айта кетейік, бұл өнер туындыларын қала тұрғындары алдағы 1 ай бойы Жамбыл облыстық драма театрына барып, тегін тамашалай алады. Сосын көшпелі көрме керуені Қызылорда қаласына жол тартатын болады.

null

null

null
null



Соңғы жаңалықтар