Ұлы Дала Еліне саяхат: Журналистер мен блогерлер төрт облысты аралауға аттанды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасының «Сарыарқа» бағыты бойынша төртінші экспедициясы басталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 күннің ішінде экспедиция мүшелері Ақмола, Павлодар, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстанның ең қызықты жерлерін аралап шықпақшы. Жоодың жалпы ұзындығы - 4595 шақырым. Экспедицияның құрамында саяхатшылар, тележурналистер, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер, атап айтсақ - ресейлік тревел-блогер Елена Хачина мен қазақстандық саяхатшы-блогер Ұлан Әлімбек бар.

"Қатысушылар Астана қаласынан Ақмола облысы Ерейментау ауданы мен Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумағында орналасқан «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына жол тартады. Ары қарай экспедиция тобы Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық саябағына, Қарқаралы, Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарына және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығына барады. Осы нысандардың әрқайсысының өзіндік қайталанбас атмосферасы бар", - дейді экспедиция жетекшісі, QazaqGeography РҚБ халықаралық және ғылыми жобалар бөлімінің менеджері Нұржан Алғашов.

Айта кетейік, аталған жоба еліміздегі ең маңызды туристік кластерлерді, сондай-ақ Қазақстанның он бір облысы бойынша алты бағытты қамтиды: «Тянь-Шань маржандары», «Алтай - өркениет бесігі», «Жетісу Алатауы», «Сарыарқа», «Теңізден теңізге дейін» және «Жаңа Жібек жолы». Бағыттар туризмді дамыту үшін қызықты табиғи және киелі нысандарды мейлінше көп қамту есебімен жоспарланған. Бесінші және алтыншы бағыттар Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының аумағымен жүретін «Теңізден теңізге дейін», сонымен қатар Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары арқылы өтетін «Жаңа Жібек жолы» болады. Соңғы бағыт бойынша экспедицияға қазақстандық қатысушыларға National Geographic Ресей телеарнасының тобы қосылады. «Ұлы Дала Еліне саяхат» жобасының қорытындысы бойынша туризмді дамыту тұрғысында күрделі мәселелер анықталып, оларды шешуге қатысты ұсыныстар дайындалады. Сонымен қатар, жаңа бағыттар жасалып, суретті жолнұсқалар мен фото-, видео-дерекқор құрылады.

Соңғы жаңалықтар