«Ұлы Дала еліне саяхат» экспедициясы қорытындыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада аталған экспедицияны ұйымдастырушы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басшылығымен бейресми кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгіленген жоспарға сай, 3 айдың ішінде экспедиция қатысушылары еліміздегі маңызды табиғи нысандарға апаратын 6 бағыт бойынша, Қазақстанның 11 облысын қамтыған 17 мың шақырымнан астам жол жүріп, ондаған табиғи орынға, саябақтар мен қорықтарға барып қайтты. 

Топ құрамында саяхатшылар, турфирма өкілдері, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер мен фотографтар және БАҚ өкілдері болды.

«Экспедицияның мақсаты - еліміздің әсем жерлерін аралап қана қоймай, жаңа туристік маршруттарды ашу. Осы орайда қатысушылар еліміздің 60-қа тарта тарихи және туристік аймақтарында болды. Ендігі жұмыс - жиналған материалдар мен ақпараттарды саралап, жаңа туристік маршруттарды ашу және оны құжаттандыру ісіне кірісу. Сол жұмыстар аяқталған соң жаңа туристік бағыттар ашылады. Бұл жерде экспедиция құрамындағылардың рөлі ерекше, өйткені олар туристік жерлерді өз көзімен көргендіктен, бізге тиісті ұсыныстарды береді. Ұсыныстарды жыл соңына дейін қарастырамыз», -деді «Kazakh Tourism» АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

null

Аталған экспедицияны Астана қаласының 20 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы ұйымдастырған болатын.

Бұған дейін хабардар еткеніміздей, «Ұлы Дала еліне саяхат» жобасы - Қазақстан территориясына жасалған ең ірі экспедициялардың бірі. Экспедиция 2018 жылдың 18 шілдесі мен 29 қыркүйегі аралығында «Тянь-Шань маржаны», «Жоңғар Алатауы» (Алматы облысы), «Алтай - өркениет бесігі» (ШҚО), «Сарыарқа» (Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстары), «Теңізден теңізге дейін» (Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары), «Жаңа Жібек жолы» (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары) бағыттары бойынша жүріп өтті. 

null null 

 

Соңғы жаңалықтар