«Ұлы Дала Eліне саяхат» экспедициясы енді солтүстік өңірлерді аралайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 тамызда «Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасының төртінші бағыты бойынша экспедиция жолға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Жолдың ұзақтығы - 4595 шақырым. Қатысушылар 16 күн ішінде Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының маңызды жерлерін аралап шығады. Экспедициялық топ саяхатшылардан, телевизиялық журналистерден, туроператор өкілдерінен, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлерден тұрады.

Бұл экспедицияны «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Астана қаласының 20 жылдығын тойлау шеңберінде мәдениет және туризм индустриясы комитетінің тапсырысымен ұйымдастырып отыр. Жоба «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі және «Kazakh Tourism» арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар