Ұлы әнші Ғ.Құрманғалиевтің 100 жылдығы республикалық деңгейде аталып өтпек

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қыркүйектің 12-14-інде ұлы әнші, Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдық мерейтойы Батыс Қазақстан облысында республикалық деңгейде ұйымдастырылғалы отыр.

Облыстық мәдениет басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, алдымен меймандар әншінің туған жері Қаратөбе ауданына бет алмақ. Мұнда мерейтойлық шаралармен қатар әншілердің республикалық байқауы өткізілмек, онда бас жүлдеге автокөлік тігіледі.

Қыркүйектің 14-інде мерейтой Орал қаласында жалғасып, елге белгілі өнерпаздардың қатысуымен концерт қойылмақ.

Соңғы жаңалықтар