Ұлы әнші Ғ.Құрманғалиевке Орал қаласында көше атауы берілді

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Тамыздың 26-сында Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс 20-сессиясы болып, онда қаралған мәселенің бірі ұлы әнші-композитор, биыл 100 жылдығы аталып өтіп жатқан Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевке қатысты болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы тамызда қалалық ономастика комиссиясы өз отырысында тұрғындардан келіп түскен ұсынысты жан-жақты қарап, Свердлов көшесінің атауын Ғ.Құрманғалиев атындағы көше деп өзгерту жөнінде тоқтамға келген еді. Бұл мәселе кейін қала әкімдігінде қаралып, арнайы қаулы қабылданды. Депутаттар бұл қаулыны бірауыздан мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар