Ұлу қабығынан «түйін түйген» шебер - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

***

Моңғолия Парламенті Бішкекте елшілік ашу мүмкіндігін талқылады- kaznews.mn   

null 

Моңғолия Парламенті Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкекте елшілік ашу мүмкіндігін талқылады.

kaznews.mn  ақпараттық порталының хабарлауынша, Бішкек қаласындағы Моңғолияның Бас консулдығына Елшілік мәртебесін беру мәселесі депутаттардың талқылауынан кейін басым дауыспен қолдау тапқан.

 «Қырғызстан Республикасында 45 моңғолиялық азамат өмір сүріп жатыр. Сондай-ақ жыл сайын 500-ге жуығы жолаушылап барады. Елшілік ашу арқылы екі дос халықтар арасындағы қатынастарды жақындатамыз», дейді Моңғолия Сыртқы істер министрлігінің  Мемлекеттік хатшысы Даваасүрэн.

***

Түркия Премьер-министрі Моңғолияға ресми сапармен барды- kaznews.mn   

null 

 

Түркия Премьер-министрі Бинали Йылдырым ресми сапармен Моңғолияға барды. Бұл туралы kaznews.mn сайты хабарлады.

Бинали Йылдырымды Моңғолия Премьер-министрі Ухнаагийн Хүрэлсүх күтіп алды.

«Ресми сапар барысында тараптар ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, туризм, төтенше жағдай, көлік, байланыс саласы, Ұлттық кітапхана және Түркияның шетелдегі қауымдастықтары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды», деп жазады дереккөз.

Бұдан бөлек Бинали Йылдырым баламалы энергетика саласында ынтымақтастықты күшейту, Түркияның Мемлекеттік тұрғын үй басқармасы мен Моңғолияның құзырлы органдары арасында іскерлік байланыстар орнатып, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында бірлесіп жұмыс атқаруға зор мүмкіндік бар екенін атап өткен.

***

Қытайдағы қандасымыз ел чемпионатында топ жарды - «Жэньминь жибао» (People Daily)

null 

 

Қытайдың Шыңжаң автономиялық өлкесінде туып-өскен қазақ боксшы Тоқтарбек Таңатханұлы Қытай чемпионатында топ жарды.

Қытайлық "Жэньминь Жибао" басылымының хабарлауынша, бұл додада бокстан Шыңжаң өлкесі ерлер құрамасы 8 медаль еншілеп (2 алтын, 1 күміс, 5 қола), топтық есепте 1-орыннан көрінді.

75 кг салмақ санатында Тоқтарбек Таңатханұлы ақтық сында Аньхой провинциясы атынан сынға түскен Хуан Янхуиды тізе бүктіріп, чемпион атанды. Сөйтіп ол 2018 жылы Индонезияның астанасы Джакартада өтетін Жазғы Азия ойындарына жолдама алды.

Айта кетейік, Тоқтарбек Таңатханұлы өткен жылы XIII кезекті жазғы Жалпықытай спартакиадасында төрешілердің әділетсіз шешімімен күміс медальды қанағат тұтқандығы туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ, 2018 жылы қаңтар айында қандасымыз 2017 жылғы қытайдың «Бокс королі» чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, «король» чемпиондық белдігін жеңіп алған еді.

***

Қырғызстан президенті Түркияда - TRT

null 

«Қырғызстан президентінің сайлаудан кейінгі бірінші  шетел сапарын Түркияға жасағанына ерекше назар аударған Ердоған осы мағыналы сапар үшін алғыс айтты», деп жазады Түркия теле-радио порталы.

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Түркияға келген Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен кездескеннен кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

Онда Ердоған Жээнбековты Түркияда қонақ еткені үшін өзін бақытты сезінетіндігін айта келе,  мәртебелі мейманды президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Ал өз тарапынан Сооронбай Жээнбеков Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуінің табысты өткенін жеткізіп, «Қырғызстан үшін  Түркия жақсы дос және сенімді серік» екенін мәлімдеді.

***

Қытайдың Тарбағатай аймағында аламан бәйге өтті - Тянь-Шань порталы

null 

Қытайдың Шыңжаң өлкесінің қазақтар мекендейтін Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданында дәстүрлі Аламан бәйге және «Тау гүлі» фестивалі өтті. Бұл туралы қытайлық Тянь-Шань порталы жазады.

Ат бәйгесіне жорға жарыс, ұшқыр аттар жарысы және аламан бәйге сияқты 5 топқа бөлініп, Іле-Қазақ автономиялық өлкесінің әр жерінен 160 тұлпар және 140 шабандоз қатысты.

Сондай-ақ, Аламан бәйге және «Тау гүлі» фестивалі аясында Қытайға келген саяхатшылар Қазақ күресі, Көкпар тарту және басқа да ұлттық мәдени шараларды тамашалады.

***

Түркістанда халықаралық симпозиум өтіп жатыр - TRT

null


Қазақстанның Түркістан қаласында IV Халықаралық Діни зерттеулер және жаһандық бейбітшілік симпозиумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Түркия теле-радио порталы.

Түркия Имам Хатиптіктер қорының ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өткен симпозиумда Шығыс-Батыс өркениетінің қалыптасуында тарих, мәдениет,  өнер, философия және дін мәселесі қозғалды.

Халықаралық симпозиумға Қазақстаннан және Түркиядан ғалымдармен қоса басқа да шетелдік қоғам және дін қайраткерлері қатысты.

Симпозиумды Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық университеттің ректорының орынбасары Проф. Мехмет Куталмыш баяндамасымен ашты. Шара үш күнге жалғасады.

***

Қытайлық азаматұлуқабығынанөзгешеқұрылысжасады - Тянь-Шань порталы

null 


58 жастағы Қытайдың Шиңдау қаласының тұрғыны Жи Жоутұң ұлу қабығынан өзгеше құрылыс макетін жасап шықты, деп хабарлайды Тянь-Шань порталы.



null 

Жастайынан теңіз жағасында  өскен  өнерлі азамат ұлу қабығынан әр-түрлі әсемдік бұйымдар жасауға ерекше әуес болған. Ал бұл құрылыс макеттерін жасауға ол 30 жыл уақытын арнапты. Әртүрлі ұлу қабығының материалдық ерекшелігі мен түсіне негізделіп, өзі тұрған Шиңдау қаласының көз тартар ғимараттарының кішірейтілген нұсқасын жасап шыққан.

Соңғы жаңалықтар