Ұлтымыздың дені сау болуы үшін жастардың да уақтылы екпе алуы маңызды – студент

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ұлтымыздың дені сау болуы үшін ересек адамдармен қатар жастардың да уақтылы екпе алуы маңызды. Бұл туралы «Мақсат» медицина колледжінің төртінші курс студенті Асылан Мұсағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, өзі «Спутник V» вакцинасының екі компонентін осы оқу жылы басталмастан бұрын алған.

Өткен сенбі күні «Мақсат» медицина колледжінің бірінші курс студенттері №6 қалалық емханаға келіп, Pfizer вакцинасымен алғашқылардың қатарында егілді. Ал дүйсенбі күні ревакцинациядан бірінші болып медицина, білім беру, құқық қорғау саласының өкілдері, әлеуметтік-медициналық ұйымдардың қызметкерлері мен контингенті өте бастады.

«Мен өзім 18 жастамын. Болашақ медицина қызметкері ретінде екпе алудың маңыздылығын жақсы түсінемін. Бүкіл әлем вакцина қабылдап жатқан қазіргі кезеңде бұдан қазақстандықтар да қалыс қалмауы керек. Сонда ғана ұжымдық иммунитет қалыптастыра аламыз. Мысалы, Pfizer вакцинасы жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер үшін тиімді деп есептеймін. Күні бүгін стоматология мамандығына оқып жатырмын. Соңғы курстамын. «Мақсат» медицина колледжін бітіргеннен кейін білім алуды жалғастырып, білікті маман болғым келеді», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Мұсағалиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын инфекционистің коронавирус індетін тек вакцинациялау жолымен ғана жеңуге болатынын айтқанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар