Ұлты өзбек Қырғызстан азаматтары Мәскеуде шеруге шықты

None
None
АСТАНА. Маусымның, 12-сі. ҚазАқпарат - Бірнеше ондаған өзбектер Мәскеудің үкімет үйі алдында стихиялық митингі өткізді, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Бастапқыда Қырғызстанның азаматы болып табылатын 30-дан 50-ге дейінгі аралықтағы өзбектер Үлкен Ордынкеде орналасқан өз республикаларының Елшілігінің алдына жиналған. Осыдан кейін олар Краснопреснен жағалауында орналасқа Ақ үй алдына келген. Адамдар өздерін тыныш ұстап, ешқандай ұран айтып, жар салмаған. Митингке қатысушылардың айтуынша, олар Ақ үйге Ресей басшылығынан Қырғызстандағы туған-туыстарының тағдырына араласуға өтініш бермек болмақ.

Айта кетейік, Оштағы тәртіпсіздіктер себебінен милицияның жеке құрамы тәулік бойы қызмет атқару режіміне ауыстырылды. Дегенмен, Қырғызстан аумағындағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккендердің саны арта түсуде.

Мәселен, Бішкекте бүгін түнде орын алған жергілікті тәртіпсіздіктер барысында 27 адам зардап шекті, олардың арасында ауыр жараланғандар да бар. Зардап шеккендердің бірқатары алкогольді ішімдікпен мас күйінде ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметтеріне сәйкес, Ош қаласында қаза тапқандардың саны 50 адамға жетіп отыр. 663 жарақат алған азамат медициналық көмекке жүгінсе, 429 адам ауруханаға жатқызылған.

Соңғы жаңалықтар