Ұлты дүнген ақсақал қазақтың өрімшілік өнерін насихаттап жүр - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

*  * *

Ұлты дүнген ақсақал қазақтың өрімшілік өнерін насихаттап жүр -  «Тарбағатай ақпарат» сайты

Бұрынғы қазақ қоғамында кең тараған, қазіргі күні  сирек   ұшырасатын өнердің бір түрі - өрімшілік. Ұлтымыздың Осы дәстүрлі өрімшілік өнерін бүгінгі күні ұлты дүнген Тұң Иуйтаң ақсақал насихаттап жүр,  деп хабарлайды kztcxw.cc сайты.

«Заманында халқымыз өрімшілікті  ерекше өнер, кәсіп ретінде бағалап,  шебер өрімшінің қолынан шыққан бұйымдарды жиі пайдаланған. Ал қазіргі күні бұл өнердің қолданыс аясы тарылып, сұраныстың азаюына байланысты өрімшілікпен шұғылданатын шеберлердің де қатары сиреген. Десе де бүгінде азда болса халық арасында осы мәйекті өнерге ие болып, сақтап, жалғастырып жүрген шеберлер де жоқ емес. Тіптен, өрімшілікті атадан балаға жалғастырып, кәсіп етіп, дәріптеп жүрген  ұлты дүнген Тұң Иуйтаң деген ақсақал да бар. 65 жастағы өрімші ақсақал Қытайдың Шәуешек қаласының маңындағы Тугүң ауылында тұрады», - деп жазды «Тарбағатай ақпарат» сайты.

 Аталған БАҚ-тың мәліметінше, Тұң Иуйтаңның атасы ертеде Қытайдың ішкі жағындағы Шанши өлкесінен Тарбағатай жеріне қоныс аударған. Содан бастап бұл әулет қазақ халқымен жақын араласып, оның тілін, мәдениетін, өнерін үйренген. «Қазақтың өрімшілік өнерін игерген атамыз әкемді осы өнерге баулиды. Атадан балаға жалғасқан бұл өнерді «көненің көзіндей» көріп жалғастырып келемін. «Шеберді саусағы асырайды» дегендей, өнеріммен аздап кіріс кіргізем әрі осы  кәсібімнен ләззат аламын», - дейді  қазақша еркін, мақалдап сөйлейтін дүнген ақсақалы.

 Тұң Иуйтаң ноқта, жүген, қамшы, бишік, шідер, ер-тоқым секілді ат әбзелдерін өнер көзімен, шебер қолымен, талап-талғаммен қырлап, жұмырлап, бедерлеп, үзбелеп, термелеп, еспелеп әр түрлі өре біледі. «Әкемнен үйреніп, өзге де  өрімші ағаларымнан, достарымнан тәжірибе топтап, өрімшілік өнерімді өздіксіз жетілдіріп отыруға тырыстым. Осы өнердің арқасында көп дос таптым, араласатын ағайындарым да көп. Менің шын атымды қазақ, қырғыз ағайындар біле бермейді. Қазақша атым Пышай, бала кезден бірге өскен достарымның қойып берген аты. Есімді білгелі ауылдастарым осы атыммен атап келеді, бұл есім құлағыма жылы естіледі», - дейді ақсақал.

 

Анкарада Түріксойдың ат жарысы болды - TRT
null

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың 25 жылдығына арналып Анкарада ат жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

«Түріксойдың 25 жылдығына арналған Анкарадағы ат жарысына Түркия шабандоздар клубы атынан Атқару комитеті мүшесі Хакан Юджетүрік, СКТР-ның Анкарадағы елшісі Фазыл Джан Коркут,  Сыртқы істер министрлігінен Сердар Дениз, Озан Шафак Кочак,  Анкара Ипподромы директоры Мехмет Ширин Бозкурт қатысты. Жарыстан кейін жеңімпаз атанған аттың иесі Мехмет Емре Хадиоғлуна кубогын Түріксой Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов табыс етті», - деп хабарлайды TRT.

 

 

Ақсай - Қытайдағы қазақ күресінің алтын бесігі  - «Орталық халық радиосы» (CNR)
null

Қытай Халық республикасының Гансу өлкесіндегі Ақсай Қазақ автономиялық ауданындағы Қазақ күрес қоғамы Қытайдағы бірден-бір халқаралық Қазақ күресі қоғамы мәртебесіне ие болған орын, деп жазады Қытайлық kazakcnr.com сайты.
null

 «Қазақ күресі - қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Осы ұлттық спортты дәріптеу мақсатында соңғы жылдары Гансу өлкесінің Ақсай Қазақ автономиялық ауданында қазақ күрес қоғамы құрылып, Қытайдағы бірден-бір халықаралық қоғам мәртебесіне ие болған ұйымы болып танылды. Аталған аудан 2013 жылы қазақ күресінен ересектер арасындағы IX Азия чемпионатын өткізді. Осы жарыс өткеннен кейін аудандағы мектеп оқушыларының қазақ күресіне деген қызғушылығы арта түскен. Сондықтан да Ақсай ауданында балаларды қазақ күрісіне тәрбиелеуге баса мән беріліп келеді. 2017 жылы Іле Қазақ автономиялық облысының Күнес ауданында өткен қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы турнирге Ақсай ауданынан 15 жас балуан қатысып, жүлделі орындарға ие болған», - деп жазады kazakcnr.com сайты.
null

 

Иран Әзербайжанда медициналық қызмет көрсетуге әзір - «Фарс» ақпарат агенттігі
null

Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі ирандық мамандардың Әзербайжан Республикасында диагностика мен емдеу бойынша қызмет көрсеуге әзір екенін мәлімдеді, деп хабарлайды parstoday ақпарат агенттігі.

Аталған ақпарат көзінің  жазуынша, Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі Хасан Ғазизаде Һашеми бейсенбі күні Әзербайжан Республикасының астанасы Бакуде тілшілерге берген сұхбатта екі елдің байланыстары ежелден қалыптасқан деп атап, екі ел басшыларының кездесуінен кейін денсаулық сақтау саласында ортақ серіктесіктерді арттыру үшін шынайы ерік-жігердің бар екендігін мәлімдеді.

Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі Теһран-Бакудің дәрі-дәрмек, диагностика, емдеу салаларындағы әріптестіктеріне тоқталып, Әзербайжан Республикасына жасаған сапарында осы елдің жоғары деңгейлі басшыларымен екі жақты ынтымақтастықтарды әсіресе денсаулық сақтау және емдеу бойынша арттыру туралы сөйлесетіндіктерін айтты.

 

Туристер шіліңгір шілдеде қарда сырғанақ тепті - Тянь-Шань порталы
null

Шілденің аптап ыстық мезгілінде, ақ қарда сырғанақ тепкіңіз келсе Шынжаң өлкесіне қарасты Майтау-Күшар тас жолы бойындағы таулы аймаққа атбасын бұрыңыз, деп жазады Тянь-Шань порталы.
null

«Теңіз деңгейінен 3400 м биікте орналасқан бұл таулы өлкенің қыраттарынан қысы-жазы қар кетпейді. Қыс мезгілінде мұндағы үлкен тас жол бекітіліп қалатын болғандықтан, тек жаз айларында ғана бұл жерлерге туристер саяхаттауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, туристер жол бойы да қарлы тау, жайлау, сазды алқаптарды басып өтіп, табиғаттың өзгеше әсемдігін тамашалауға мүмкіндігі бар», - деп жазады Тяньшаньнет сайты.
null

Аталған қытайлық БАҚ «бақытты» туристердің суреттерін жариялаған.
nullnullnull

 

Соңғы жаңалықтар