Ulttyq ónim - 2019: Елордада отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы көрмеде әртүрлі саладағы 500-ге тарта кәсіпорынның өнімі ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрме аясында «Даму» қорының бағдарламалары арқылы мемлекеттен қолдау тапқан шағын және орта бизнестің өнімдері ұсынылуда. Азық-түлік, құрылыс, жиһаз, киім, мамандандырылған техника мен жабдықтар, сондай-ақ сувенирлік және полиграфиялық өнімдерге келушілер көптеп қызығушылық танытып жатыр. Шара барысында дәстүрлі түрде «Халық таңдауы» атты тәуелсіз дегустациялық байқау өткізіліп, қазақстандық өндірушілердің ерлер мен әйелдер киімдерінің коллекциялары таныстырылады.

«Аталған ауқымды іс-шара бүгінгі таңда біздің елорданың визиттік картасына айналып барады. Себебі, бұл шара еліміздің экономика, өнеркәсіп, шағын және орта бизнес саласындағы жетістіктерін паш етеді. Отандық тауар өндіру мәселесі, әсіресе шағын және орта бизнес саласындағы сұрақтар - біз үшін басымдыққа ие бағыт екенін айта кету керек. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев нақты стратегиялық тапсырма жүктеді - 2030 жылға қарай ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 35 пайызға дейін арттыруымыз керек. 2050 жылға қарай 50 пайызға дейін жетуі керек», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.

null

Министрдің айтуына қарағанда, Қазақстан тауар өндірушілерінің әлеуеті аталмыш мақсатқа жетуге әбден мүмкіндік береді.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша ШОБ-тың ЖІӨ-дегі үлесі - 28 пайыздан асты. ШОБ кәсіпорындары 26 триллион теңгенің өнімін шығарды. Бұған қоса ШОБ-тың 1,2 млн субъектісі 3 миллион адамды (жұмыспен қамтылғандардың 37 пайызы) жұмыспен қамтып отыр. Бұл көрсеткіштерге «Жол картасы - 2020» бағдарламасының сәтті орындалуы мұрындық болғанын атап өту керек. Аталмыш бағдарлама аясында өткен жылы ғана «Даму» қоры 22 мың кәсіпорынға 500 млрд теңге көлемінде несие берді», - дейді Роман Скляр.

Көрме 6 мамырға дейін жалғасады. Шара барысында отандық өндірушілер Әзербайжан, Оңтүстік Корея, Малайзия, Польша, Түркия, Өзбекстан елдерінің бизнес-делегация өкілдерімен кездесу өткізеді.

null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар