Ұлттың «идеологиялық иммунитетін» қалыптастыратын жобалар әзірленбек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ұлттың «идеологиялық иммунитетін» қалыптастыратын жобалар әзірленетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыру тетігін іске асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдар, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс жергілікті бюджетті қайта бөлу есебінен жүзеге асырылатындығына ерекше атап өту керек. Осыған байланысты тапсырманың іске асыруына тиімді мониторинг жүргізілуі қажет», - деді Ақтоты Райымқұлова министрліктің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша бүгінгі күні сын-тегеуріндеріне бейімделу кезеңінде ұлттың тұтастығы жаңа ұлттық бірегейлікті құрудағы табыстың негізгі кепілі саналады.

«Халықаралық тәжірибе мен озық практикаларға сүйене отырып, Қазақстанда мәдениет ұлттық басымдықтар дәрежесіне көтеріліп, өмір сүру сапасы өсуінің аса маңызды факторы ретінде танылуға тиіс. Ұлттың ішкі, сондай-ақ сыртқы экономикалық және әлеуметтік күйзелістеріне «идеологиялық иммунитетін» қалыптастыруда мәдениет, өнер, спорт, туризм салаларының миссиясы да ерекше мәнге ие болуы керек. Жоғарыда айтылғанның негізінде министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған міндеттерді шешуге бағытталған «Ел Рухы», бұқаралық спортты және туристтік саланы дамытуға бағытталған ұлттық жобаларды әзірлеуге кірісті», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар