Ұлттың байлығы – халықтың амандығы, елдің тыныштығы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінде елімізде COVID-19 індетіне шалдыққан науқастарды емдеу барысында күн сайын қауіпті індетпен бетпе-бет келіп, өз қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне қайырымдылық қолдау көрсетуде Атырау облысындағы Қазақстан халқы Ассамбеясы филиалының мүшелері мен еріктілері бірқатар қайырымды іс-шараларды атқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтсақ, игілікті істі қолға алған атыраулық этнос өкілдері «Біз біргеміз» акциясы аясында Атырау қаласындағы «Сұлтан», «Ізмағанбетов», «Дәурен» жеке шаруашылық иелерімен бірге covid-19 індетіне шалдыққандарды емдеп жатқан №2 инфекциялық аурухананың 120 және Сары өзектегі өкпе ауруларын емдейтін ауруханада ашылған провизорлық бөлімнің 15 медицина қызметкеріне 5 литр шұбат, 40 литр сиыр және 5 литр ешкінің сүтін, 35 келі қияр жеткізді.


Сондай-ақ, Атырау облысы ҚХА еріктілерімен бірге өзге ұлт өкілдері бірігіп, атыраулықтарға «Атырау дәрі-дәрмектері» чатын ұйымдастырып, арзан әрі қажетті дәрі - дәрмектері бар дәріханалар туралы немесе көмек алу нысандар жөнінде күнделікті ақпарат беруде. Бұның өзі қазіргі жағдайда қоғамдық көліктің жүруіне шектеу қойылған кезде өте қажетті көмек.

Бүгінде бұл чатқа 600-ге жуық атыраулықтар қосылып, соңғы бірнеше күнде тіркелгендердің 40 пайызы қажетті дәрілерін тапқан.

Сонымен қатар, бұл топта тегін дәрі-дәрмек таратып жүрген еріктілер де бар. Олар көмекке мұқтаж 27 отбасыға көмек берді.

Дерттен жазылған «Атырау дәрі-дәрмектері» чатының тіркелушілері артық қалған дәрілерін чатта сұраған азаматтарға тегін таратуда, ал кейбірі бір-бірімен алмастыруда.

Елімізде бой алған індетпен күресуде бірнеше айдан бері мұқтаж жандарға бар көмегін аямай, қандай қиындық болса да басы-қасында жүрген Атырау облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері мен еріктілер тобы бүгінде дәрігерлер қауымына көмек қолын созды.


«Сарайшық» асыл тұқымды шаруашылықтың бас директоры, Атырау облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Тамилла Розметова бір топ ерікті жастармен бірге Атырау облыстық аруханасының 150 медицина қызметкеріне 20 литр ешкі сүтін және ешкі сүтінің өнімдерінен жасалған әрқайсысы 30-ға жуық данадан айран, ірімшік, сүзбе, йогурт өнімдерін табыc етті.

Атырау облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұқанов Атырау «Рауан» қоғамдық қорымен бірлесе қаладағы облыстық, инвекциялық, өкпе ауруларын емдейтін ауруханаларға және облысымыздағы 7 ауданның ауруханасына 17млн қаржыға құны 170 мың теңге тұратын оттегі концентрат аппаратының 100 данасын табыстады.

Мұндай қайырымды әрі игілікті істер Атырау өңірінде әлі де жалғасын табады.


Соңғы жаңалықтар