Ұлттың банктің бұрынғы басшылары экономиканың қазіргі кезеңіне қатысты ойларын айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда CFO Idea Exchange & Networking Event саммиті өтті. Жиын барысында ҚР Ұлттық банкінің экс-төрағалары Қазақстан экономикасындағы қазіргі кезеңі қашанға дейін жалғасатынына өздерінің болжамдарын айтты.

«Астана» қаржы орталығының төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, қазір тек мұнай бағасы мен Қытай, Ресей экономикасының құлдырауына қарап өмір сүруге болмайды.

«Қазір әлем басқа деңгейде өмір сүріп жатыр. Қазақстан бизнес моделін өзгерту керек. Әлемдегі өзгеріске қарай өзгере білу бизнестің басты жетістігі болу керек. Қазақстанда болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретін фундаменталды макрэкономикалық факторлар жеткілікті. Ұлттық қорды қалыптастырудың өзі көрегендіктің белгісі. Көптеген елдерге қарағанда бұл қауіпсіздік жастығы болып отыр. Бірақ әлі де сыртқы түйткілдерге жауап беретін жүйе жасау керек. «Нұрлы Жол» бағдарламасы, тағы басқа бағдарламалар Қазақстан экономикасына инвестиция тарту арқылы экономикалық өсімді сақтауға көмектеседі. Бір жерде тұрмай, әлемдік өзгерістерге бейімделе білу маңызды», - деді Қ.Келімбетов.

Әнуар Сәйденов болса, қазіргіден сынағы көп кезеңі әлі алда келе жатқанын жеткізді. Оның айтуынша дағдарыс көп жағдайда дамуға мүмкіндік береді.

«Тек валюта бағамның өзгерісіне қарамау керек. Экономиканың дамуына әсер ететін басқа факторлар өте көп», - деді Ә.Сәйденов.

Ұлттық банктің экс төрағасы Қадыржан Дамитовтың айтуынша, экономикалық өнімділікті арттыру үшін валюта бағамынан бөлек үздік корпоративтік басқару технологиясы ескеру керектігін жеткізді.

«Егер, валюталық құрамын алып тастағанның өзінде кәсіпорынның даму қарқыны қандай, соған мән беру керек. Қазақстан ДСҰ, ЕАЭО аясында жұмыс жасап жатыр мұны да ескеру керек», - деді Қ.Дамитов.

Ораз Жандосов ел экономикасының мұнай бағасына тәуелділігін азайтып, Ұлттық қордағы қаржыны білікті кадр дайындауға жұмсау керектігін айтты.

Оның ойынша, мұндай қадамдар әлемдік макроэкономикалық сын-қатерлерге қарсы тұруға септігін тигізбек.

Соңғы жаңалықтар