Ұлттық жобаның қайсысына халықаралық қаржы тартылуы мүмкін екендігі аталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – TALAP.Talks алаңында сұқбат берген ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, «Астана» ХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов ұлттық жобалардың қайсысына халықаралық қаржы тартылуы мүмкін екендігін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агроөнеркәсіп кешенін қайтадан ой елегінен өткізуіміз қажет. Ауыл шаруашылығына болашақтың саласы ретінде, жаңа технологиялар тұрғысынан мүлдем басқаша тың көзқараспен қарауымыз керек. Бір жағынан біз ауыл шаруашылығын ретроспективтік тұрғыда түсінеміз десек те болады. Бүгінде ауыл шаруашылығы төртінші индустриялық революцияның ғарыштық, спутник түсірілім, жерді мониторингілеуден бастап, тамшылатып суғару, роботтандыру сынды барлық элементтін қамтитын сала. Бүгінде қандай міндет жүктеліп отыр? Міндет - өзін өзі қамтуды 80 пайызға жеткізу. Локдаун ең алдымен азық-түлікпен қамтамасыз етудегі, сонымен қатар бағамен күрестегі проблемалардың бар екендігін көрсетіп берді. Ауыл шаруашылығы тауарлары экспортын ұлғайту да мәселесі бар. Экспортқа шығарылатын тауардың басым бөлігі бастапқы өнім емес, өңделген өнім болуы тиіс. Бұл міндеттерді шешу Агроөнеркәсіп кешенін дамыту ұлттық жоспарында бекітілген», - деді Қайрат Келімбетов.

Оның атап өтуінше, бұл жоспарларға инвестиция тартпай қол жеткізу мүмкін емес.

«Мәселен, кәсіпкерлікті дамыту. Ол жерде жаңа жұмыс орындарын құру, шағын несиелендіру мәселелері тұр. Бұл ретте халықаралық қаржы институттарының қаражаты тартылатындығы анық. Яғни, мәселенің дәл осы блогы халықаралық инвестиция тартуға, халықаралық қаржы институттармен жұмыс істеуге байланысты болмақ. Ал оның аясында жұмыс орындарын құру инвестиция тарту тиімділігіне, нәтижелілігіне байланысты. Үкіметтің бұл бағытта өршіл жоспары бар. Егер осының бәрін жинақтайтын болсақ, онда бұл соңғы жылдардың ішінде көріп отырған ең байыпты бағдарламам», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің Жарлығымен 10 ұлттық жоба тізбесі бекітілген болатын.


Соңғы жаңалықтар