Ұлттық жобалардың бұрынғы бағдарламадан айырмашылығы қандай – Президент кеңесшісі түсініктеме берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ұлт мүддесі» бағдарламасына қатысқан ҚР Президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти Ұлттық жобалардың бұрынғы мемлекеттік бағдарламалардан айырмашылығы неде екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің ойымша, бұған дейін қабылданып, іске асырылған Мемлекеттік бағдарламалар монументалистік тәсілге құрылған. Ұлыбританияның үлгісін соған жатқызуға болады. Ал ұлттық жобалар оған қарағанда икемдеуге бейімірек тәсіл деуге болады. Мемлекеттік бағдарлама аясында қолға алынған шараларды Ұлтты жобалар арқылы өзгеше тәсілмен соңына дейін жеткізу көзделіп отыр. Жылына екі рет Президентпен бірге ұлттық жобаларды қайталап қарап, түзету енгізіп отырамыз. Деректерді түзетуге емес, шынайы нәтижеге көбірек көңіл бөліп отырмыз. Мемлекеттік бағдарламалардың басты айырмашылығы осында», - деді ҚР Президентінің кеңесшісі.

Сарапшының айтуынша, ұлттық жобалардың нәтижесін нақты көрсеткіштер бойынша бағалау мүмкіндігі бар.

«Бюрократтың түсінігімен алсақ, экономиканың жетістігін қарапайым адамның пайымымен өлшеуге үйрету үшін Үкіметке қысым жасауға тырысамын деуге болады. Қарапайым адамның атқарған шаруаға көңілі толмаса, неге екенін түсіну керек. Ұлттық жоба мен мемлекеттік бағдарламаның негізгі айырмашылығы осы. Шын мәнінде, Үкімет нақты нәтижені қамтамасыз ету керектігін біледі деп ойлаймын. Тек іске асырған кезде мұқият болуы керек. Біз адамдарға қызмет етуіміз керек. Халық оларға кім қызмет етіп жатқанын білуі керек. Ал біз тиісті өзгерістер енгізуіміз керек», - деді Сума Чакрабарти.


Соңғы жаңалықтар