+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ұлттық жоба: 2025 жылға дейін барлық ауылда алғашқы медициналық мекеме болады

2021 жылғы 15 қазан 17:11
Бөлісіңіз:
Ұлттық жоба: 2025 жылға дейін барлық ауылда алғашқы медициналық мекеме болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдеріне «Салауатты ұлт» әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» атты ұлттық жобаны таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Омикрон» штамына байланысты дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ- Алмаз Шарман Ұлттық санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрландыру қалай қаржыландырылады «376,7 млрд теңге бөлінеді»: Еліміздің 15 ірі қаласында 20 заманауи аурухана салынады

«Ұлттық жоба 4 бағыттан тұрады. Бірінші бағыт медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға байланысты.

Екінші бағыт эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыруға арналған.

Үшінші бағыт отандық фармацевтика саласының дамуына ықпал етеді.

Төртінші бағыт салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған», - деді министр.

Оның мәліметі бойынша, Ұлттық жобаның бірінші бағытын іске асыру үшін халықтың медициналық қызмет сапасына қанағаттану деңгейін 80% дейін арттыру көзделген.

«Ауылдық елді мекендер, оның ішінде тірек және спутник ауылдар алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен 100% қамтамасыз етіледі. Кем дегенде 40 денсаулық сақтау объектісін және 2 ғылыми орталықты жаңғырту жоспарланған.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмектің жалпы көлемінде амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көлемін кеңейту қарастырылған», - деді Алексей Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT