Ұлттық валютаны пайдалануға ынталандыру процесін бастау керек - ҰБ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан Қаржыгерлер конгресінде халықаралық нарықта ұлттық валюталардың есеп құралы ретінде пайдаланылуының шарттары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің көз алдымызда бірнеше жылдар бұрын жетістік болып саналған принциптерден қазір көптеген елдер бас тартып жатыр.  Қазіргі таңда геосаяси жағдай ушығып келеді. Сауда протекционизмі күшейіп, капиталдар ағып кетіп жатыр. Соның ықпалынан әлемдік нарықтардың құбылмалылығы артып, сыртқы сауда қатысушыларының тәуекелдері көбейіп келеді», - деді Данияр Ақышев.

Оның айтуынша, ұлттық валюталардың халықаралық нарықта есеп құралы ретінде пайдаланылуы үшін ұлттық валютадағы дамыған құнды қағаздар, нарықта шетелдік инвесторлар болуы қажет.

«Ұлттық валюталарды пайдалануға ынталандыру процесін бастау керек. Бірақ сыртқы сауда нарығының қатысушылары үшін валюталардың тұрақты, өтімді, сенімді қаржылық нарықта болғаны маңызды. Бұл валюталық қатерлерден сақтандырады», - деді Ұлттық банк басшысы.

Соңғы жаңалықтар