Ұлттық валюта динамикасына басқа қандай факторлар әсер еткені анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова жақын арадағы перспективада теңгенің динамикасын қандай факторлар анықтайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, апта Moderna компаниясының вакцина туралы жағымды жаңалықтарынан басталды. Компанияның мәлімдеуінше, зерттеу нәтижелерін бастапқы талдау кезінде COVID-19-дан қорғауға арналған эксперименттік вакцинаның тиімділігі 94,5%-ды құрады.
Коронавируспен күресу құралдарының тиімділігі туралы жаңалықтар тәуекелді активтер мен мұнай бағасының өсуіне ықпал етті. Brent мұнайының бағасын белгілеу бір баррель үшін 44,67 долларға дейін өсті.
Азия елдері бойынша көмірсутектер бағаларына жақсы экономикалық статистика қосымша ықпал етті. Қытай бойынша – өнеркәсіп өндірісінің 6,9% деңгейінде өсуі (күтіліп отырған 6,7%-ға қарағанда) және Жапония ІЖӨ-нің үшінші тоқсанда 5% деңгейінде өсуі орын алды (болжамды 4,4%-ға қарағанда).
Дүйсенбіде жаһандық қор нарықтары өсумен жабылды. Мәселен, сауда күнінің қорытындысы бойынша Dow Jones индексі 1,6%-ға, S&P 500 1,2%-ға, Nasdaq Composite 0,8%-ға өсті. Жапондық Nikkei 225 индексі дүйсенбінің қорытындысы бойынша 2,1%-ға өсіп, 29 жыл ішіндегі ең жоғарғы көрсеткішті жаңартты.
«Біздің валюта үшін бұл сөзсіз жағымды белгі: апта басынан бері теңге шамамен 0,45%-ға нығайды. Қысқа мерзімді перспективада сыртқы нарықтардағы жағымды жаңалықтардың жиынтығы салық аптасымен бірге теңгенің нығаюына әсер етеді. Бірақ басқа да сыртқы және ішкі факторларды ескеру қажет. Сыртқы факторлар, бұл, ең алдымен, вакцинаны жаппай қолдану мерзімдері бойынша белгісіздік және ОПЕК+ елдерінің алдағы кездесуінің нәтижелері. Ішкі факторлар – төлем балансы тарапынан теңгеге жасалып жатқан қысым, ол биылғы наурыздан бастап байқалып отырған мұнай бағасының төмен кезеңімен байланысты», - деді ол.
- Пандемия кезінде қазақстандықтар әр 5 теңгенің екі теңгесін азық-түлікке жұмсаған
- Қазір экономиканы COVID-19 дағдарысына дейінгі қалпына келтіру міндеті тұр – Әсел Әбенова
- Алдағы жылдары Ұлттық банк жұмысында қандай өзгеріс болады
- Президент шекарадағы контрабандамен күресетін арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды
-
«Орталық Азия» халықаралық сауда орталығы тезірек салынуы керек - Тоқаев
-
Қазақстанда монополияға қарсы жаңа заң әзірленеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам