Ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 312,76 теңгені құрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 312,73 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 53 400 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+0 еуро бойынша (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 331,45 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 100 мың еуроны құрады;

- есептесуі еуромен Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен T+0, Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,4028 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 61 000 мың рубль болды.

- есептесуі теңгемен Т+1 Ресей рублі бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+1 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 312,76 теңгені (+0,29 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 144 450 мың (-18 550 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте сұраным жылдық +12,0000 % құрады, ұсыным болған жоқ;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +5,1979 % құрады, сауда-саттық көлемі 1 023 300 мың USD болды

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар