Ұлттық валюта 34 елдің валютасына қатысты 24,7%-ға әлсіреді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық валюта 34 елдің валютасына қатысты 24,7%-ға әлсіреді. ҚР Ұлттық банкі 2015 жылғы 10 айдағы нақты айырбастау бағамын алдын ала бағалауды жариялады.

«2015 жылғы 10 айда нақты көрсеткіш бойынша теңге 24,7%-ға (34 елдің валюталарына қатысты нақты тиімді айырбастау бағамының индексі базасында) әлсіреді, ал 2014 жылдың басынан бастап 2015 жылғы қазан аралығында 20%-ға әлсіреді. 2015 жылғы 10 айда теңгенің Ресей рубліне қатысты нақты көрсеткіш бойынша (нақты айырбастау бағамы) 27,6%-ға әлсіреді. 2014 жылдың басынан бастап 2015 жылғы қазан аралығында рубльге теңесті (+0,5%). Толығырақ мына кестеден біле аласыздар:

Кесте. Теңгенің нақты айырбастау бағамы индексінің өзгеруі

Валюта

2015 жылғы қаңтар- қазан

2014 жылғы қаңтар - 2015 жылғы қазан

Ресей рубліне қатысты

27,6%-ға әлсіреу

0,5%-ға нығаю

АҚШ долларына қатысты

29,7%-ға әлсіреу

36,5%- ға әлсіреу

Еуроға қатысты

21,9%-ға әлсіреу

20,8%- ға әлсіреу

Қытай юаніне қатысты

28%-ға әлсіреу

34,2%-ға әлсіреу

Беларусь рубліне қатысты

2,9%-ға нығаю

6,4%-ға әлсіреу

Қырғыз сомына қатысты

17%-ға әлсіреу

19,3%-ға әлсіреу

Соңғы жаңалықтар