+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Ұлттық ұланның лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін сотталды

2019 жылғы 8 қазан 10:11
Бөлісіңіз:
Ұлттық ұланның лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық ұланның «5517 әскери бөлімі» РММ-нің лауазымды бірқатар тұлғасы пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Алик Шпекбаев: Қазақстандықтардың жартысынан көбі жемқорлық азайғанын атап өткен Дүниежүзілік банк рейтингі: Қазақстан «Жемқорлықты бақылау» көрсеткішін жақсартты Елорда әкімдігінде парақорлықпен күрес мәселесі талқыланды

«Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ұлттық ұланының «5517 әскери бөлімі» РММ бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары майор Ж.М.Омаровқа және аталған РММ-нің киім-кешек қызметі бөлімінің бастығы лейтенант Т.Б. Қыдыровқа қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар жеке компания директорынан орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және алдағы уақытта да көрсететін көмегі үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын», - делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың 7 қазанында Ақтөбе гарнизоны әскери сотының үкімімен Омаров пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал Қыдыровқа 6 млн теңге сомасында айыппұл төлеу жазасы белгіленді.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ әскери атақтарынан өмір бойына айырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT