Ұлттық ұланның 18-ге толған сарбаздары референдумда дауыс берді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері түгелдей дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 5517-әскери бөліміндегі №479 референдум учаскесінде жеке құрам таңғы сағат 06.00-ден бастап дауыс берді.

«Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бойынша орынбасары Бақыт Алазовтың айтуынша, әскери бөлімдерде ашылған референдум учаскелерінде дауыс берушілердің белсенділігі өте жоғары болған. Әскери қызметшілердің жеке құрамы ғана емес, олардың отбасы да саяси науқанға түгел қатысқан.

Референдумға қатысушылардың басым бөлігі – 18-ге енді толған, тұңғыш рет дауыс беру құқығына ие болған жас сарбаздар. Әскери бөлімде республиканың әр өңірінен келген 20-дан аса ұлт өкілдері қызмет атқарады.

Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал және Жаңаөзен қалаларында орналасқан «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери қызметшілер де дауыс беруге белсенді қатысуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын батысқазақстандық ғалымның халықтың емін-еркін өз таңдауын жасап жатқаны туралы айтқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар