Ұлттық ұлан жауынгерлеріне қойылатын талап өте жоғары - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұланның жеке құрамымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың Твиттер парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде ҚР Президенті ұлттық ұланның ішкі қауіпсіздікті сақтаудағы ерекше рөліне тоқталды.

«Ұлттық ұлан - ішкі тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті сақтау міндетін қатар атқарып отырған өте маңызды әскери құрылым. Ұлттық ұлан жауынгерлері мен офицерлеріне қойылатын талап өте жоғары, ерекше. Әрбір бөлімше аса күрделі тапсырмаларды жедел әрі сапалы орындауға дайын болуы тиіс», - деп келтірді Мемлекет басшысының сөзін Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, егемен еліміздің әрбір тарихи қадамының табысты болуына әскери қызметшілердің қосатын үлесі зор.

«Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Қарулы Күштер мен құқық қорғау жүйесінің құрылуын Тәуелсіздіктің басты жетістігі деп атап көрсетті», - дейді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар