Ұлттық ұлан сарбаздары Нұр-Сұлтанда есірткі жасырған адамды ұстады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық ұлан сарбаздары бірнеше ұялы телефонды тауып, иелеріне қайтарған. Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда есірткі түйіншектеген азаматты ұстаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақында Алматы ауданындағы Сұлутөбе көшесінде қызметте жүрген сарбаздар бір азаматтың бағананың жанында бірнәрсе жасырып тұрғанын байқап қалған.

Әскери жасақтың бастығы қатардағы Виктор Сахаров, қатардағы патрульшілер Седет Раушанбеков пен Жеңісбек Самарғалиев бірден азаматқа қарай жүрген.

Оның бағаналардың арасында белгісіз зат оралған түйіншекті жасырғаны анықталды.

Ұсталған азамат әрі қарай мән-жайды анықтау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Сағат 19:00 шамасында Есенберлин көшесінің бойында әскери жасақтың бастығы қатардағы Диербек Рустамов, қатардағы патрульшілер Алмат Әбенов пен Нұрмет Құдратуллаев «IPhone 11» маркалы ұялы телефонын, сонымен қатар кәмелет жасына толмаған студентке тиесілі ҚазГЗУ колледжінің студенттік картасын тапқан.

Олар бұл туралы әскери жасақ бойынша кезекші майор Берік Олжановқа хабарлаған.

Офицер жақын жердегі колледж ғимаратына жол тартады.

Шамалы уақыттан кейін студенттің кураторының нөмірі табылып, ол студенттің курстасымен байланысқа шығады. Осылайша, 10 минуттың ішінде телефон студентке қайтарылады.

Айта кету керек, кураторға хабарласқанға дейін студент телефонын жоғалып алғанын байқамаған.

Бір сағаттан кейін сағат 20:00-де Сарыарқа даңғылының бойында әскери жасақтың бастығы қатардағы Рүстем Сарапбаев, қатардағы патрульшілер Әлішер Рамазанов пен Александр Войтюк «IPone 11» маркалы телефонын тауып алады.

Телефонның иесі оқиға орнына келіп, 5573-ші әскери бөлім қолбасшылығына алғысын білдірді.


Соңғы жаңалықтар