Ұлттық ұлан сарбаздары Атыраудың маңында адасып кеткен балаларды тауып алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Ұлттық ұлан сарбаздары Атырау маңында адасып кеткен балаларды тауып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«ҚР Ұлттық ұланының Атырауда орналасқан №5546 әскери бөлімінің қызметкерлері подполковник Руслан Садықов пен ефрейтор Жасұлан Төлеубаев қала шетіндегі ауылдардың бірінің маңында кезекшілікте жүрген сәтте кішкентай ұл балаларға кезіккен. Балалар абдырап, жылап жүрген. Олар жастары төртте және екіде екенін, үйден сұранбай шығып кетіп, адасып кеткенін айтқан, қайда тұратындарын түсіндіре алмаған. Ұлттық ұлан сарбаздарына жедел полиция басқармасы орталығындағылар кәмелетке толмағандардың жоғалғаны туралы арыз түспегенін мәлім етті. Әскери қызметкерлер ауылдан балалардың ата-аналарын өз беттерінше іздестіре бастаған. Белгілі болғандай, олар бүлдіршіндерді көшеден іздестіріп жүргендеріне көп болған», - деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметіндегілер.

№5546 әскери бөлімі қолбасшылығы полполковник Руслан Садықов пен ефрейтор Жасұлан Төлеубаевқа қырағылық танытқандары үшін алғыс білдірді.

Автор: А.Соколов

Соңғы жаңалықтар