Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Ұлттық ұлан күніне орай Астанада гала-концерт өтті

2019 жылғы 11 қаңтар 10:03 334
Бөлісіңіз:
Ұлттық ұлан күніне орай Астанада гала-концерт өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылған күніне орай гала-концерт өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Ұлттық ұланы Ән-би ансамбілі және Үлгілі-көрсетімді оркестрі «Ұлы дала ұландары» ұранымен концерт берді.  

Концертте еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, отандық эстрада жұлдыздары мен халықаралық байқаулардың жүлдегерлері өнер көрсетті. Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің бастығы әрі көркемдік жетекшісі капитан Дархан Рахымғалиевтің жетекшілігімен ұрпақтар сабақтасытығы мен патриотизм рухын сіңірген әскери, классикалық, халық және ұлттық әндер шырқалды. Сондай-ақ, келген қонақтарға  қазіргі заманғы эстрада әндері, әлем халықтарының билері ұсынылды.



Айта кетейік, кеше сондай-ақ құқықтық тәртіп әскерінің құрылуына арналған атаулы датаға орай ҚР ҰҰ Бас қолбасшылығында салтанатты шара өтті. Онда Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері, ардагерлер мен ықпалдастық құрылым қызметкерлері мемлекеттің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қосқан үлесі және үлгілі қызметі үшін марапатталды.

Қазақстанда ҚР Ұлттық ұлан күні 10 қаңтарда аталып өтеді. Осыдан 27 жыл бұрын 1992 жылдың 10 қаңтарында ҚР ІІМ Ішкі әскері құрылған болатын. Ал 2014 жылдың 21 сәуірінде Ұлттық ұлан болып қайта құрылды. Дегенмен, әскердің даңқты дәстүріне адалдық сақталып, құқықтық тәртіп әскерінің құрылған күні 10 қаңтар  болып саналады.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Астана, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT