Ұлттық ұлан қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирде бірінші орын иеленді

None
None
    АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының Кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан өтіп жатқан халықаралық турнир мәресіне жетті. Турнирде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының саңлақтары Ресей, Өзбекстан, Қытай елдерінің спортшыларын жеңіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, аталған турнирге 4 мемлекеттен барлығы 19 команда қатысқан болатын. Боз кілемде 150-ден астам қоян-қолтық ұрысының шеберлері 9 түрлі салмақ көрсеткіші бойынша күш сынасты.

Халықаралық турнирге Ұлттық ұланмен бірге, РФ Росгвардиясы, ҚХР Халықтық қаруланған полициясымен қатар, алғаш рет Өзбекстан Ұлттық гвардиясы қатысып отыр.

Осымен 4-ші рет ұйымдастырылған турнир әскери қолданбалы спорт түрін насихаттай отырып, оны одан әрі дамыту және халықаралық деңгейдегі спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасу, халықаралық байланысты нығайту мақсатын көздейді. Сол сияқты қоғамды салауатты өмір салтын ұстауға үндеп, жастарды патриоттыққа тәрбиелеумен қатар, төрешілердің де кәсібилігін арттырады. Ең бастысы, Ұлттық ұланның спорттық командасын жасақтау жолында кіл мықтыларды анықтайды.
null 

null
Екі күнге созылған жекпе-жекте ҚР Ұлттық ұланы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленсе, екінші орын - РФ Росгвардияға, ал үшінші орын - Өзбекстан Республикасының Ұлттық гвардиясына бұйырды. ҚХР Халықтық қаруланған полициясы төртінші орынды місе тұтты.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, нығайтуға, спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасау керектігін бірнеше рет атап өткен болатын. Спортпен шұғылдану әрқашан да мемлекеттің назарында. Өздеріңіз көргендей, Қазақстанда жаңа спорт кешендері, жаттығу және спорт орталықтары, мектептер ашылуда. Оның бәрі жастар үшін жасалып жатыр. Бұл турнирді өткізу 2012 жылдан бері дәстүрге айналған болатын. Дәл осы қоян-қолтық ұрысы секілді спорт түрі төзімді әрі жігерлі әскери қызметшілерді шыңдап шығарады. Халықаралық турнирдің сәтті өтуімен шын жүректен құттықтаймын», - деді жеңімпаздарды құттықтаған Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрысы қауымдастығының президенті, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.
null 

Екі күндік айтулы турнирде Қазақстан қоржынына алтын медальді қазақстандық спортшылардан Сағын Қазыбек (55 келі, 1 орын), Бауыржан Сұлтанов (60 келі, 1 орын), Дәуіржан Сайлыбаев (65 келі, 2 орын) пен Рахметолла Сатыпалдиев (70 келі, 1 орын), Данияр Зайнуллин (75 келі, 2 орын), Рустам Атабаев пен Жандос Асқарбекұлы (екеуі де 80 келі, 1 және 2 орын), Теміржан Басақаев пен Серік Әбіров (90 келі, 1 және 2 орын) салды. 

   null null

null

null null null  

Соңғы жаңалықтар