USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

Ұлттық ұлан Конституция күнін атап өтті

2016 жылғы 29 тамыз 22:29
Бөлісіңіз:
Ұлттық ұлан Конституция күнін атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында Ата Заң күніне арналған мерекелік шара өтті.

Салтанатты жиынға Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеке құрамы, Ауған және Ұлы Отан соғысы, әскер ардагерлері қатысты.

Шара барысында жеке құрам орталық оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік әнұранды шырқады. Ұландықтарды Ата Заңымыздың қабылданғанына жиырма бір жыл толуымен Бас қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов құттықтады. «Конституция - қабылданған күннен бастап, көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді. Біз Бас құжаттың арқасында еліміздің іргесін бекіттік, дамудың жаңа кезеңіне түстік. Конституция еліміздің үздіксіз өсуіне кепіл болған барша заңдарымыздың қайнар көзі, бастау бұлағы. Құқықтық тәртіп әскері Қазақстан Республикасының Конституциясы жүктеген талаптар мен міндеттерді мүлтіксіз орындап келеді. Жауынгерлеріміздің Тәуелсіздік туын одан әрі де биік ұстайтынына сенім мол»,- деді әскердің бас тәрбиешісі.

Қызметтік міндеттерін адал атқарып, үздік жетістіктерге қол жеткізген әскери қызметшілер Ішкі істер министрінің және Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен марапатталып, сый-құрметке бөленді.

Ал Отан, бірлік, патриотизм, ел қорғау, бейбітшілік тақырыбында әзірленген Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің концерттік бағдарламасы мерекелік көңіл-күйге шырай қосты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының мемлекеттің қауіпсіздігі жолында, Ата Заңымыздан тармақталған заң қағидаттарының сақталып, азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қылмыстық және құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауда сіңіріп отырған үлесі өлшеусіз, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

null null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT