Ұлттық ұлан әскерлері Шахандағы құтқару операцияларына қатысқандары үшін марапатталды

None
None
 ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды ҚР Ұлттық ұланының 25 жылдығы тойланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Салтанатты жиында үздік әскери қызметшілерді наградамен марапаттады.

null  

«ҚР Ұлттық ұланы 52859 әскери бөлімінде үш әскери қызметшісі Шахандағы құтқару операцияларына қатысқандары үшін «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Олар - аға сержант Никита Мейіржаев, ефрейтор Данияр Шалқаров және подполковник Серік Аяшев», - деп хабарлады 52859 әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник Мұрат Молдабаев.

Ол қираған тұрғын үйдің астында қалып қойған 32 жастағы тұрғынды құтқарғаны туралы айтты.

«1 қаңтар күні Ұлттық ұланның жеке құрамы күшейтілген режімде жұмыс жасады. Әскери бөлімге Шахан кентінде төтенше жағдай болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел түрде оқиға орнына бардық, - деп атап өтті сұхбаттасушы.

«Әскери қызметшілер іздеу-құтқару жұмыстарына кірісіп кетті. Тұрғындар қираған үйіндінің астында ер кісінің бар екенін айтты. Ер адамның көмекке шақырған айқайы естілді. Тек бір мақсат - не болса да, қандай жағдай болса да адамды құтқару керек болды. Біздің бөлімнің психологы ер кісімен байланысты үзіп алмас үшін сөйлесіп отырды. Біздің «Багира» атты итіміз белгі беріп, ер кісіні құтқару үшін сол жердегі үйінділерді ала бастадық».

null  

Соңғы жаңалықтар