Ұлттық ұлан әскери қызметшілері әлем чемпионатында жүлдегер атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Ташкентте өткен әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионатында жүлдегер атанды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзбекстан астанасында жасөспірімдер мен ересектер арасындпа әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 30 елден 600-ден аса спортшы қпатысты. Қазақстанның ұлттық құрамасы Ұлттық гвардия әскери қызметшілерінен жасақталды. 5570 әскери бөлімнің әскери қызметшісі, капитан Батырхан Әшірбеков 75 келіге дейінгі салмақ санатында күміс медаль иеленді. Ал 6655 әскери бөлімінің сержанты Берікболсын Өмірсеріков 60 келіге дейінгі салмақ санатында қола иеленді», - деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар ол Ливан Республикасының Джуния қаласында самбодан Азия чемпионаты өтіп, оған 20 елдің командасы қатысқанын атап өтті.

«Жүлдегерлер арасында Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкері бар. Асылбек Смайылов 79 келі салмақ санатында күміс медаль жеңіп алды. Ал Айбек Саметаев 88 келі салмақ санатында Азия чемпонатының қола жүлдегері атанды. Ұлттық гвардияның әскери қызметшісі Еламан Қойшыбаев күміс медаль иеленді», - деді ІІМ өкілі.


Сурет: news.myseldon.com


Соңғы жаңалықтар