Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінде жаңа оқу жылы басталды (ФОТО)

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 5 қаңтар күні ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде жаңа оқу жылы салтанатпен басталды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Оралда өткен салтанатты жиында Елбасы, Қазақстан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев алға қойып отырған мақсат-міндеттер жөнінде айтылды. ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Альберт Мәткәрімов, «Батыс» өңірлік қолбасшысы, полковник Қайрат Ақтанов әскери қызметшілерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, табыстар тіледі. «ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы жеке құрамының өткен жылдағы қызметін жоғары бағалады. Бірақ біз мұнымен тоқталып қалуға тиіс емеспіз. Жаңа, 2015 жылда табысымызды еселеп, сапалық жаңа кәсіби деңгейге көтерілуіміз керек», деді А.Мәткәрімов. Ол 5517-әскери бөлім қалашығын, казарма, автопарк, асхана, медпункттерді де аралап шықты.

Бірінші күні-ақ сардарлар мен жауынгерлердің кәсіби дайындығын шыңдайтын сабақтар басталып кетті.

Соңғы жаңалықтар