«Ұлттық тестілеу орталығы» директорының орынбасары 7 жылға сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары Д.С. Жақсыбековке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

«Жақсыбеков «ProBusineSS.kz» ЖШС директоры С.А. Панкеевтен құны 8,8 млн теңге болатын «Toyota camry» маркалы автокөлігін пара ретінде алды деп күдіктенген, аймақтарда аталған ЖШС-нің ҰБТ өткізу кезінде қызмет көрсету бойынша мүддесін қорғағаны үшін. 9 желтоқсанда Нұрсұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотының үкімімен Жақсыбеков пара алды деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Аталған адам мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Соңғы жаңалықтар