+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың арасында орталық буынға айналуға тиіс - Мемлекеттік хатшы

2013 жылғы 5 маусым 17:56
Бөлісіңіз:
Ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың арасында орталық буынға айналуға тиіс - Мемлекеттік хатшы

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Орта мектептер мен жоғары оқу орындарындағы тарихты оқытудың осы заманғы және шын мәніндегі ғылыми біртұтас мемлекеттік стандартын жасау керек. Ол стандарт осы заманғы зерттеу тәсілдері мен оқыту әдістеріне негізделуге тиіс. Бүгін елордадағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай мәлімдеді.

Жиындағы сөзін қорытындылай келе, Марат Тәжин ұлт тарихын зерттеу жұмысын бірнеше бөлікке бөлуге болатынын жеткізді. «Бірінші. Ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың арасында орталық буынға айналуға тиіс. Екінші. Біз сапалық жаңа деңгейде Қазақстан тарихының ортақ тұжырымдамасын жасап шығуға тиіспіз. Ол тұжырымдама бүкіл әлемдік тарихпен тығыз байланыста болуға, Қазақстанның аса ауқымды тарихи үдерістердегі, олардың өзара байланысы мен ғылыми кезеңдену жүйесіндегі орнын анық көрсетуге тиіс», - деді М. Тәжин.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT