Ұлттық статистика жүйесін нығайтуға Халықаралық Қайта құру және Даму банкінен 20 миллион доллар бөлінеді

None
None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат / Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Паламентінің Сенатының жалпы отырысында палата депуттары «Қазақстан Республикасымен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі Қарыз туралы келісімді

(ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба) ратификациялау туралы ҚР Заңын қабылдады.

Халықаралық Қайта құру және Даму банкінен алынатын қарыз туралы келісімге 2011 жылдың 26 тамызда Астанада қол қойылған. Бұл ретте келісім шеңберінде еліміздің ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба қарастырылып, жобаның мақсаты халаралық әдістемелерге және озық тәжірибелерге сәйкес қажетті, уақтылы және дәйекті деректермен қамтамасыз ету мақсатында ұлттық статистикалық жүйенің тиімділігімен нәтижелілігін арттыру болып табылады. Жоба бойынша шығынның жалпы сомасы 22,9 миллион АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің беретін қарызы 20 миллион АҚШ доллары. Қарызды республикалық бюджеттен қосымша қаржыландыру 2, 9 миллион АҚШ долларын құрайды. Қарызды өтеу мерзімі 5 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда 15 жылға тең.

Соңғы жаңалықтар