Ұлттық статистика бюросының басшысы халық санағы не үшін жүргізілетіндігін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов ұлттық халық санағы не үшін жүргізілетіндігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы санақ Қазақстан халқының тек саны бойынша нақты ахуалды ғана емес, сонымен қатар елдің әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша ел тұрғындарын сипаттайтын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық ақпараттың кең ауқымын алуға, деректерді демографиялық, экономикалық болжау, жұмыспен қамту саласындағы саясатты айқындау, басқа да әлеуметтік бағдарламаларды құру, сондай-ақ ғылымды, бизнесті және бүкіл қоғамды ақпараттық қамтамасыз ету үшін пайдалануға, басқа елдердің, бірінші кезекте, ЕАЭО бойынша әріптес елдердің санақ деректерімен салыстырмалы деректерді, санақаралық кезеңінде халық туралы статистикалық деректердің сапасын арттыру және халықтың жас пен жыныстық құрылымы туралы нақты деректерді алуға, халықтың саны мен жыныстық-жас құрылымын бағалау үшін бастапқы базаны, халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының жағдайын сипаттайтын ақпаратты алу, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеуді жүргізу бойынша нақты ахуалды да білуге мүмкіндік береді», - деді Нұрболат Айдапкелов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Бюро басшысының атап өтуінше, ұлттық халық санағы 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өткізіледі. Оның ішінде 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін онлайн санақ жүргізіледі. Ал 1 қазан мен 30 қазан аралығында планшеттерде жаппай сауал салу жүргізу болады.


Соңғы жаңалықтар