+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы тағайындалды

2020 жылғы 28 қазан 12:20
Бөлісіңіз:
Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымына сайланды Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне жаңа басшы келді Алматы облысының жастар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Нұрболат Серғалиұлы АЙДАПКЕЛОВ 1979 жылы Жамбыл облысында туған.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

2001 жылдың қаңтар айынан 2003 жылдың қараша айына дейін ҚР Статистика агенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығында» РМҚ жұмыс істеді. 2003-2007 жылдары аралығында «Мемлекеттік экспорттық кредиттер және инвестицияларды сақтандыру корпорациясы» АҚ бас маманы, Қаржы департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2007-2008 жылдары «ҚазАгро «ҰҚ» АҚ басқарушы директор.

2008-2009 жылдары «ҚазАгроГарант» АҚ басқарма төрағасы. 2009 жылдың шілдесінен бастап желтоқсанға дейін «Astana Knowledge City» АҚ консультанты. 2009-2011 жылдары ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары. 2011-2013 жылдары ҚР Статистика агеттігінің жауапты хатшысы, 2013-2014 жылдары ҚР Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің директоры.

2015 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2016 жылғы 26 мамырдан бастап - ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы болды.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісімен марапатталған.


Фото: zhaikpress.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT