USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ұлттық статистика бюросы әр қазақстандық жылына қанша келі ет жейтінін есептеді

2021 жылғы 27 қараша 15:50
Бөлісіңіз:
Ұлттық статистика бюросы әр қазақстандық жылына қанша келі ет жейтінін есептеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы орташа жан басына шаққанда бір жылдың ішінде 23 келі сиыр еті желінген. Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарындағы ең үлкен үлес алдыңғы жылдардағыдай ет және ет өнімдерін сатып алуға (19,2%) келеді. Сиыр еті көп сұранысқа ие, орташа жан басына шаққанда жылына 23,072 келі сиыр еті желінеді. Қой етін тұтыну бір адамға орта есеппен жылына 6,100, жылқы еті - 5,972, тауық еті - 4,624, шошқа еті - 3,356 келі мөлшерінде байқалды», - деп атап өтеді ведомстводан.

Ведомство мәліметінше, 2020 жылы орташа есеппен жан басына шаққанда ет пен ет өнімдерін тұтыну 7 келіні құрады. 2000 жылмен салыстырғанда ет пен ет өнімдерін тұтыну екі есеге жуық өсті. Сондай-ақ, жемістерді тұтыну - 5 есе, балық - 3 есе, жұмыртқа - 2 есе және тәтті өнімдер топтары (қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер) 2 есе артты.

«2020 жылы халық тұтынған тағам өнімдерінің энергетикалық құндылығы күніне орташа жан басына шаққанда 3425 ккалды құрады. Ауылдық жерлерде тұрғындардың тамақтануы (3437 ккал) қалаға қарағанда (3417 ккал) калориялығы бойынша айтарлықтай жоғары емес екенін атап өтуге болады. Тұтынылатын тағам өнімдерінің химиялық құрамында ең көп үлес көмірсуларға келеді - 51,9 пайыз, ал ақуыздардың үлесі 12,6, майлар - 35,5 пайыз», - деді Ұлттық статитика бюросынан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT