Ұлттық стандарттарды өтеусіз беру бизнестің шығынын қысқартады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы Қазақстанның ұлттық стандарттарын халықаралық баламалармен үйлестіру деңгейі 60%-ға жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Сауда және интерграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қазақстанның 9 315 ұлттық стандартының ішінде экономиканың түрлі салаларындағы 2 996 стандарт қолданыс таппай отыр. Осыған байланысты Сауда және интеграция министрлігі мен «ҚазСтандарт» РМК өткен жылы стандарттарды қолдану деңгейін арттыру, бизнесті қолдау және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасады.

Осылайша, 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда экономиканың барлық субъектілеріне қолданыстағы бүкіл ұлттық стандарттарға өтеусіз қол жеткізу мүмкіндігін ұсыну тәжірибе қолданылды. Бұл бизнеске шығындарын 90 млн теңгеден астам сомаға қысқартуға мүмкіндік берді», - деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Министрліктің мәліметі бойынша, 2021 жылдың1 шілдесінен бастап халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттер стандарттарын тікелей қолдану жолға қойылған.

«Соның арқасында бизнес шығындары бір жыл ішінде 7,5 млрд теңгеге төмендеді. Бюджетке жүктеме төмендетіліп, қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі артты», - делінген ресми мәліметте.


Соңғы жаңалықтар