Ұлттық спорттың 20-дан астам түріне ерекше көңіл бөлінді - Ақтоты Райымқұлова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ұлттық спортты дамыту жағдайын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздік жылдарында ұлттық спорттың 20-дан астам түрі белсенді дамыды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерімен 399 мыңнан астам адам айналысты. Бүгінгі таңда Қазақстанда ұлттық спорт түрлері бойынша 8 мамандандырылған клуб және 13 мамандандырылған спорт мектебі бар», - деді А. Райымқұлова Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Сонымен қатар министр «Қазақстан барысы» жобасы біздің ұлттық спортымыздың брендіне айналғанын, «Еуразия барысы» мен «Әлем барысы» турнирлерін ұйымдастыр арқылы халықаралық деңгейге шығу мүмкін болғанын атап өтті.

Таратылған мәліметке қарағанда, 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында І Әлемдік этноспорт ойындарын өткізу бастамасы қарастырылуда. Бұл ойындарда 15 спорт түрі бойынша жарыс өткізу жоспарланған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2019 жылдың қорытындысы бойынша елімізде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындар саны 5,7 млн адамға жеткен. Бұл жалпы халықтың 30,6 пайызы.



Соңғы жаңалықтар