+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Ұлттық спорттан ел чемпионатының өтетін орыны Таразға ауысты

2019 жылғы 5 мамыр 11:18
Бөлісіңіз:
Ұлттық спорттан ел чемпионатының өтетін орыны Таразға ауысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық спорттан ересектер арасындағы биылғы Қазақстан Республикасының чемпионаты Тараз қаласында өткізілетін болып өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлағандай Республиканың басты бәсекесі 19-26 мамыр аралығында өтпек.

Негізінде, елішілік чемпионат жыл басында бекітілген жоспар бойынша Алматы қаласында ұйымдастырылуы тиіс болатын. Бірақ, түрлі себептерге байланысты жуықта ересектер чемпионатының 19-26 мамырда Тараз қаласында өткізілетіні анықталды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен «2019 жылғы бұқаралық-спорттық республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбесіне» сәйкес, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін биылғы чемпионаттың ерекшелігі - еліміздің барлық өңіріндегі 17 команда толық қатыспақшы. Бәсеке өтетін орын - Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылындағы ипподром. Мекенжайы облысқа қарағанымен, бұл атшабар Тараз қаласының іргесінде орналасқан.

Сонымен, көкпардан - ХІХ, аударыспақтан - ХІХ, теңге ілуден - ХІІI, жамбы атудан - V рет өткізілетін ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына даярлық қазіргі кезде қызу жүргізілуде.

Ұлттық спорттың есепшотын қаққан мамандардың болжауынша, әсіресе, биылғы елішілік жарыста көкпаршылар бәсекесі өте тартысты өтуге тиіс. Себебі, қараша айында Өзбекстанда командалық көкпардан Әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Биылғы Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанып, көзге түскен көкпаршылардан осы Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Ұлттық құрама команда жасақталмақ.

Сондықтан, көкпардан бірнеше жылда бір рет өтетін Әлем чемпионатына жолдама алу үшін көкпаршыларымыз елішілік чемпионатта ерекше ойын өрнегін көрсетеді деп күтілуде.

Жанкүйер жадына салып өтсек, көкпардан Қазақстан ұлттық құрама командасы 8 мемлекет командасы қатысқан Азия чемпионатында (2013), 11 мемлекет командасы қатысқан Әлем чемпионатында (2017) бас жүлдені жеңіп алған. Сондай-ақ, қазіргі кезге дейін Қазақстан ұлттық құрама командасы көкпардан ұйымдастырылған халықаралық жарысқа тоғыз рет қатысып, алты дүркін чемпион атанды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT