+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» фестивалінің солтүстік аймақтық іріктеу жарысы өтті

2021 жылғы 2 тамыз 11:21
Бөлісіңіз:
Ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» фестивалінің солтүстік аймақтық іріктеу жарысы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалін кең көлемде өткізу көзделіп отыр. Ұлттық спорттың көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату түрінен өтетін жарыстар командалық тәртіпте жүргізіледі.

Фестивальді ұйымдастырып өткізуге басшылықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК жүргізеді.

Екі айдан астам уақытқа созылатын бұл фестиваль II кезеңге бөлінген. Алғашқы кезең бәсекесі төрт аймақта өтеді.

Сондай-ақ, көкпар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу спорт түрлерінің іріктеу бәсекелері 28-30 шілдеде Көкшетау қаласында өтті.

Солтүстік аймақты қамтитын I кезең іріктеу жарыстарына Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 180 спортшылар қатысты.

Аймақтардағы іріктеу жарыстарына еліміздегі 14 облыс, 3 қала командалары арасынан үздік шыққан командалар фестивальдің II кезеңінде финалда өнер көрсетеді.

Финалға жолдама алған облыстар:

1. Көкпар – Ақмола облысы

2. Аударыспақ – Нұр-Сұлтан қаласы

3. Жамбы ату – Ақмола облысы

4. Тенге ілу - СҚО

5. Асық ату – Ақмола облысы

6. Тоғызқұмалақ – Нұр-Сұлтан қаласы

7. Қазақ күресі – Нұр-Сұлтан қаласы

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT