Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстанның V фестивалі жалауын көтерді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі «Жекпе-жек» сарайында Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының V фестивалі салтанатты түрде басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шараға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлерінен басқарма басшысы Қарлығаш Әсетқызы, «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорының орынбасары Еркеғали Дәулетханұлы, Қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы Бейбіт Ыстыбаев және Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов қатысты.

Шарада сөз алған өңір әкімі спортшыларды жігерлендіріп, алдағы жарыста жеңіс тіледі. Салтанатты ашылу рәсімі балуандардың белдесуімен жалғасты.

Боз кілемде 55 және 60 келі салмақтағы спортшылар алтын, күміс және қола медальдарды сарапқа салды.

Айта кетейік, фестивальге еліміздің әр аймағынан 800-ге жуық спортшы қатысуда. Олар ұлттық спорттың он екі түрі: аламан бәйге, бәйге, құнан бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, асық ату, қазақ күресі, құсбегілік, тоғызқұмалақ, жекпе-жектен бақ сынасады.

Жарыс 25 қыркүйекке дейін жалғасады.



Соңғы жаңалықтар