Ұлттық спорт түрлерінен І Азия чемпионатына кімдер қатысады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 16-21 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында Ұлттық спорт ойындарынан жастар арасында өтетін І Азия чемпионатына кімдер қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Аударыспақ, Жамбы ату және Теңге ілу командаларындағы спортшылардың есімдері анықталды.null

ҚР Жамбы ату командаларының мүшелері:

1. Бабажан Бақдәулет (Жамбыл облысы)

2. Ералхан Айкөз (Түркістан облысы)

3. Жақсыбек Бекзат (Түркістан облысы)

ҚР Теңге ілу командасының мүшелері:

1. Ізжанов Ғалымжан (Түркістан облысы)

2. Елжанов Нұрхан (Ақтөбе облысы)

ҚР Аударыспақ командасының мүшелері:

1. Аманжол Нұрбек - 50 келі салмақта (Қарағанды облысы)

2. Құралбай Ермек - 60 келі салмақта (Түркістан облысы)

3. Иманғазыұлы Нармағанбет - 70 келі салмақта (Батыс Қазақстан облысы)

4. Ағабек Ғабит - 80 келі салмақта (Түркістан облысы)

5. Жаналин Әділжан - + 80 келі салмақта (Ақтөбе облысы)

Ал І Азия чемпионатында алты күн бойы бәсекеге түсетін көкпардан Қазақстан жастар Ұлттық құрама команда мүшелері алдағы күндері белгілі болмақ.null

Бапкерлердің пікіріне қарағанда, ересектер командасымен терезесі тең ойнайтын Жастар көкпар құрамасы І Азия чемпионатының бас жүлдесіне үміткерлер қатарында.null

Еске салып өтсек, аталмыш бәсекеде Қазақстан, Ауғанстан, Моңғолия, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Венгрия, Түркия, Малайзия спортшылары Ұлттық спорттан Жастар арасындағы І Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.

null null

null

Соңғы жаңалықтар