Ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылық артып келеді -маман

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Спорт менің ауламда» бағдарламасы аясында әр апта сайын көптеген жарыстар мен ұлттық спорт түрлерінен шеберлік сабақтары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

«Халықтық-ұлттық спорт түрлері және бұқаралық денешынықтыру-сауықтыру» клубының жетекшісі Нұрғиса Нұрғалиевтің айтуынша, аталмыш клуб жастарды асық ату, тоғызқұмалақ, бес тас, казақ күресі, қол күресі, гір көтеру сияқты спорттарға баулиды.

«Оларды біз «Спорт менің ауламда» бағдарламасына жазылған балаларға үйретеміз. Осы спорт түрлері бойынша Алматының әр ауданынан келген әртүрлі жастағы балалар мен жасөспірімдерге жарыстар мен шебрлік сабақтарын өткізіп тұрамыз»,-дейді Нұрғиса Нұрғлиев.

Оның сөзінше, осы жылдың басынан бері 455 шеберлік сабақтары мен 350-ден астам турнирлер ұйымдастырлып, оған 20 мыңдай адам қатысқан.

«Жалпы біздің клубта 330 адам тіркелген. Оның 20-ы көптеген жетістіктері бар бапкерлер мен нұсқаушылар. Осылайша, біз әр апта сайын іс-шаралар ұйымдастырамыз. Шындығына келетін болсақ 10-13 жыл бұрын ұлттық ойындар мен спорттар қала тұрғындары мен қонақтары арасында бүгінгідей дамымаған болатын. Қазір бәрі басқаша. Жазғы мезгілде біз балалардың назарын аударып, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру үшін үрленетін аттракциондар пайдаландық. Сонын арқасында біз олардың санын көбейттік. Сондай-ақ, қатысушылардың арасында тоғызқұмалақ пен асық ату ойындары да сұранысқа ие. Тіпті, үлкендердің өздері де қызығып бір-бірімен жарысып жататын кездер де болады.

Жақында, қазан айында Алматыда біз осы жоғары да аталып өткен 6 спорт түрі бойынша фестиваль өткіземіз деген жоспар құрып отырмыз. Оның мақсаты салауатты өмір салтын нәсихаттап, ұлттық спорт түрлерін дамыту. Бұнын барлығы Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтеді. Сондықтан мен қала әкімдігіне өз алғысымды білдіргім келеді, - дейді Нұрғиса Нұрғалиев.

null null 

Соңғы жаңалықтар