Ұлттық сенім кеңесі бастамаларын жүзеге асыру аясында 9 заң қабылданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі бастамаларын жүзеге асыруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі бастамаларын жүзеге асыру аясында 9 заң, ҚР Президентінің бір Жарлығы, ҚР Үкіметінің 3 қаулысы, ҚР Премьер-Министрінің бір өкімі, министрлердің 7 бұйрығы қабылданды», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram парақшасында .

Оның айтуынша, тағы жеті заң жобасы қаралып жатыр.

Еске салсақ, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы 22 қазанда өтті. Оған әр өңір онлайн-форматта қосылды. Жиында Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды.


Соңғы жаңалықтар