+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Ұлттық санақ: Қазақстандықтарға қандай сұрақтар қойылады

2021 жылғы 17 мамыр 09:40
Бөлісіңіз:
Ұлттық санақ: Қазақстандықтарға қандай сұрақтар қойылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 1 қыркүйекте басталатын ұлттық санақ Қазақстан азаматтарына барлығы 87 сұрақ қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім еткендей, санақ парақтарындағы сұрақтар саны айтарлықтай ұлғайтылған. Мұнда барлығы 67 сұрақ және оған қосымша 20 нақтылаушы сұрақ бар.

«Сұрақтардың аясын кеңейтуге Еуропалық санақшылардың 2020 жылғы тұрғын үй қорын және тұрғындар санағын жүргізу жөніндегі ұсыныстары мен ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеттің әдістемелік материалдары негіз болды.

Сауалнама 73 сұрақ аясында жүргізілген 2009 жылдың ұлттық санағынан ерекшелігі, 2021 жылдың санағында көші-қон, еңбекпен қамту, неке жағдайы, бала туу және тіл білуі бойынша сұрақтар аясы кеңейтілді. Сондай-ақ, БҰҰ-ның мүгедектік статистикасы жөніндегі Вашингтон тобымен ұсынылған жаңа сұрақтар қосылды, мұнда мүгедектік критерийлерін ескеріп, денсаулық сақтау статистикасы аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ету көзделген», - деді Ұлттық статистика бюросынан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде ұлттық санақ 2021 жылдың 1 қыркүйегі - 30 қазаны аралығында өтеді. 1 қыркүйекте sanaq.gov.kz арнайы сайты іске қосылады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT