+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ұлттық санақ: Бірқатар қала мен аудандарда үйлерді аралау жұмыстары аяқталды

2021 жылғы 28 қазан 16:08
Бөлісіңіз:
Ұлттық санақ: Бірқатар қала мен аудандарда үйлерді аралау жұмыстары аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар қаласы мен аудандарында үйлерді аралау жұмыстары аяқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар

Облыс орталықтарының ішінде Түркістан қаласында бірінші болып халық санағы аясында үйлерді аралау жұмыстары аяқталған. Мұнда 220 553 респондент сауалнамадан өтті немесе қамту көрсеткіші 118%-і құраған.

Өңірде сондай-ақ, Кентау мен Арыс қалалары да санақ аясындағы сауалнама жұмыстарын тәмамдады.

Алматы облысының Текелі қаласы да сауал салу шараларын аяқтаған елді мекендердің қатарына енді. Мұнда респонденттер саны 29 509 (100,1%) адамды құраған. Қарағанды облысының Нұра ауданы да сауалнама жүргізу кезеңін аяқтап, респонденттер санын шығарған. Олардың қатары 21 837 немесе 1 тамыздағы жағдай бойынша халық санының 99,4%-ін құрады.

Ал Қызылорда облысындағы Байқоңыр қаласы мен барлық аудандар (Арал, Жалағаш, Жаңақорған, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі) санақ аясында сауалнама жүргізу шараларын аяқтаған. Байқоңырда 1 тамыздағы дерекке сәйкес, халқының саны 39548 адамды құраса, сауал салу нәтижесінде 39 622-ге (100,2%) жеткені белгілі болды.

Сауалнама кезеңін аяқтаған елді мекендерде нақтылау шаралары қосымша жүргізілетін болады.

28 қазандағы жағдай бойынша халықты санақпен қамту көрсеткіші 18 663 838 адамға немесе 98,1%-ке жетті.

Қамту көрсеткіші бойынша Алматы қаласы көш басында – 108,9%. Яғни, 1 тамыздағы жағдай бойынша мегаполисте тұрақты тұратындардың саны 2 005 496 адамды құраған. Онлайн санақ пен интервьюерлер жүргізген сауалнаманың аралық нәтижелері қазіргі уақытта қалада 2 183 534 респондент бар екенін көрсетті. Сауал салу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Осыған ұқсас жағдай Жамбыл (102,2%), Алматы (102,1%), Түркістан (101,5%), Шығыс Қазақстан (101,1%) облыстары мен Шымкент (101,4%) қаласында қалыптасты. Бұл өңірлерде де санақ жұмыстары аяқталған жоқ.

2021 жылғы Ұлттық санақтың негізгі кезеңі Қазақстанда 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтуде. Қарашаның 8-не дейін санақ өткізу әдістемесіне сәйкес, нақтылау шаралары қарастырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT